Өңірлер

Алматыда Елбасының алғашқы инаугурациясы құрметіне ескерткіш тақта ашылды

© SputnikЕскерткіш тақта
Ескерткіш тақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ашылу салтанатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жеті көше атауының өзгергендігін мәлімдеді.

АСТАНА, 1 жел — Sputnik.  Алматыда бейсенбі күні Республика Сарайының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы өткен жерде ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандағы президенттік сайлау - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан Тұңғыш Президент Күнін тойлауда

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Әкім сөйлеген сөзінде қаланың жеті көшесінің атауы өзгергендігін мәлімдеді.

Айта өтсек, атауы өзгертілетін көшелер: Медеу ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі болады, Алатау ауданы Абай көшесі – Әзербайжан Мәмбетов көшесі, Наурызбай ауданы М. Әуезов көшесі – Байкен Әшімов көшесі, 8-желі көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі, Бостандық ауданындағы аты жоқ көшеге Тоқмұхамед Садықовтың есімі беріледі, Алмалы ауданы Мирзоян көшесінің атауы Шафик Чокин көшесі болып өзгертіледі.  

Жаңалықтар
0