Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Конгресі Украинаны қоспастан Израильге көмектесу туралы заң жобасын қолдамады

© AFP 2024 / SPENCER PLATTВашингтондағы Капитолия ғимараты, архивтегі фото
Вашингтондағы Капитолия ғимараты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Өкілдер палатасы Украинаны қоспастан Израильге көмек көрсету туралы заң жобасын қолдамады, деп хабарлады РИА Новости.
Заң шығарушы органның баспасөз қызметі бұрын хабарлағандай, заң жобасын қабылдау үшін конгрессмендердің үштен екісінен астамы құжатты қолдауы қажет. 180 заң шығарушы шенеунік нормаға қарсы дауыс берді, яғни жоба қажетті қолдауға ие болмады.
Дауыс беру сәті америкалық кабельдік желілер арқылы көрсетілді.
АҚШ сенаторлары бұған дейін Украинаға, Израильге көмектесу және оңтүстік шекарадағы жағдайды реттеу үшін 118,3 миллиард доллар бөлетін ымыралы бюджеттік заң жобасын ұсынған. Бұл әкімшіліктің Украинаға сұраған көмегін талқылауға тосқауыл қою мақсатында шекара дағдарысын сылтау ретінде пайдаланған республикашылдардың заңсыз иммиграцияны шешу үшін қаржыландыру туралы талаптарына жауап ретінде әзірленген.
Сенаттың ымыралы құжаты ұсынылған шараларды жеткіліксіз деп санаған республикашылдардың өткір сынына ұшырады. Балама қадам ретінде конгрессмендер АҚШ президенті Джо Байден бұрын сұраған 14 миллиард долларға сәйкес Израильге жеке пакет арқылы көмек бөлу туралы өз құжатын дайындады. Ақ үй құжат қабылданса, оған вето қоюға уәде берді.
Военнослужащий армии Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинада мобилизациялау туралы балама заңдарды ұсыну мерзімі қысқартылды
Жаңалықтар
0