Спорт

Қазақ ұлттық күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді

© Sputnik / Еркен СалиховҚазақша күрес
Қазақша күрес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарында алғаш рет қазақ күресі бойынша жарыс өткізіледі

АСТАНА, 22 қаң — Sputnik. Қазақ ұлттық күресі алғаш рет Азия ойындары-2017 бағдарламасына енді деп хабарлады блогер Ғалым Байтук Facebook парақшасында.

Нұрлан Бекжанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бекжанов күрес бойынша ӘЧ күміс жүлдеге ие болды

"Достар, сүйінші! Ұлттық күресіміз – қазақша күрес биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енді! Ойындар бағдарламасында 22 кең таралған спорт түрімен қатар 70 кг, 90 кг және +90 кг салмақ дәрежелері бойынша қазақ күресі ұсынылады", — деп жазды Байтук.

12 жыл ішінде қазақша күрес бойынша алты әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, үш Әлем кубогі, үш Еуропа чемпионаты, Африка чемпионаты өткізіліп, оған 50 ел қатысқан. 2015 жылы қазақ күрес United World Wrestling құрамына енді.

Жаңалықтар
0