Саясат

Елбасы Қазақстан бизнесмендеріне жасалатын жасырын рэкет туралы айтты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуҚор биржасы
Қор биржасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев тәртіпбұзушылық үшін бизнеске айыппұл салып, кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатуға шақырды

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерді еш негізсіз қылмыстық қудалау жайттарын сынға алды.

Шенеунік - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев шенеуніктер саны туралы: өздігінен көбеюі таңқаларлық

Мемлекет басшысы берген ақпаратқа сүйенсек, соңғы екі жылда мемлекеттік кірістер органдары 17 мың қылмыстық іс қозғаған, олардың тоғыз мыңы қылмыс құрамы жеткіліксіз болғандықтан тоқтатылған. 

"Бұл бизнесмендерге жасалып отырған жасырын рэкет. Қорқытып, қылмыстық іс бастасаң, олар қашып, дегеніңнің бәрін орындайды. Құқық қорғау органдарында мұны жасап отырған кім? Жұмыстан кетуі тиіс. Тоғыз мың іс не үшін еш негізсіз қозғалған?", — дейді президент.

"Қанша рет айттық, күрделі ауыр қылмыс жасалмаса, айыппұл салса да жеткілікті. Қылмыскер сияқты қылмыстық іс қозғаудың не қажеті бар?", — деп сұрады Назарбаев.

Жаңалықтар
0