Қоғам

ҚР СІМ басшысы: Чуркиннің өмірден озуы – бүкіл дипломатиялық әлем үшін орны толмас қаза

© Photo : предоставлено информационной площадкой G-GlobalҚайрат Әбдірахманов
Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин 65 жасында Нью-Йоркте дүние салды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің қазасына орай көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: Чуркин әлемдегі ең білікті дипломаттардың бірі еді

"БҰҰ қабырғасында соңғы үш жыл бойы бірге қызмет еткен Виталий Иванович Чуркиннің қазасын жеке басымның қайғысы деп санаймын. Бұл жаһандық дипломатиялық әлем үшін орны толмас қаза. Қош бол, жақсы адам, адал дос, сенімді серіктес, білікті маман! Сенің асыл бейнеңді мәңгілік жадымызда сақтаймыз! Жаның жәннатта болсын, қадірлі Виталий", — делінген хабарламада.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин 65 жасқа толар туған күнінен бір күн бұрын Нью-Йорк қаласында аяқ астынан көз жұмды. 

Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін 2006 жылы сәуір айынан бері атқарып келе жатқан еді.

Жаңалықтар
0