Оқиға

Атырау облысында жол апатынан төрт ересек адам мен бір сәби қаза тапты

© Photo : Rico_LoebЖол белгісі
Жол белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш ер адам, бір әйел және бір сәби жол апатынан қаза тапты, тағы екі бала жан сақтау бөлімінде

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Бейнеу-Атырау тас жолындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды, оның ішінде екі жасар сәби де бар деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.

Алматыдағы жол апатынан  жаяу жүргінші қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

Тас жолда Toyota Camry және "КамАЗ" автокөліктері соқтығысқан. Маңғыстау облыстық ауруханасының санавиация бөлімінің диспетчерлік қызметіне 3 сәуір күні 02.00-де қоңырау келіп түскен. Toyota Camry автокөлігінде үш ер адам, бір әйел адам және үш бала болған. 

"Оқиға орнында ер адам, әйел және 2014 жылы туған сәби қаза тапты, 2005 және 2006 жылдары туған екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Отбасы Атырау қаласында тұрады екен. Бейнеу және Ақтөбенің 1982, 1987 жылдары туған екі тұрғыны оқиға орнында көз жұмды", — деп хабарлайды диспетчерлік қызмет.

Жаңалықтар
0