Өңірлер

Талдықорғанда базарлар мен дүкендерді тонап жүрген ұрлықшы әйел ұсталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТуфли
Туфли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талдықорған полициясы базарлар мен сауда үйлерін бірнеше рет тонаған әйел адамды қолға түсірді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Полицейлер 30 жастағы Талдықорған тұрғынын бірнеше мәрте ұрлық жасаған деген күдікпен қамауға алды деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Автобусқа шабуыл жасаған қарақшы 9 жылдан соң ұсталды

Әйел адам аяқ киім дүкендерінің бірінде жалпы сомасы 356 мың теңгеге бірнеше аяқ киім ұрлағаннан кейін ұсталған. Талдықорған қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел қызметкерлері тексеру барысында ұсталған әйелдің тағы төрт ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді.

Полиция мәлімдегендей, күдікті бұдан бұрын да осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қатысы бары дәлелденген бес ұрлық бойынша келтірген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0