Оқиға

Астаналық әйел Ақмола облысындағы тас жолда қаза болды

© Photo : atpress.kzПолиция көліктері жол апаты орнында
Полиция көліктері жол апаты орнында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан жолаушы қаза тауып, салонда болған өзге екі адам зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Ақмола облысында Астана – Петропавл автобанында жол талғамайтын көлік аударылып, салдарынан бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Таразда жүргізушінің сіңірі тартылып қалып, кісі өліміне соқтырған жол апаты болды

Toyota Land Cruiser-200 автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау бағытында ортадағы жолақта жүріп бара жатып, көлігін басқа алмай тас жолдың 193-ші шақырымында оң жақтағы діңгекпен соқтығысты. Шетел көлігі қоршаудан шығып кетіп, көлік аударылды. Салдарынан 45 жастағы жолаушы Астана тұрғыны қаза болды. 

Құқық қорғау органдары қаза тапқанның денесін сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жолдады. Көлік жүргізушісі, Астана тұрғынының мас болмағаны атап көрсетілген. 

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінге тергеу жүргізілуде. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 


Жаңалықтар
0