Қоғам

Астанада полицейлер жоғалған ағайынды қыз бен ұлды тауып алды

CC0 / Ben_Kerckx / Жол үстінде қыз бен ұл бала
Жол үстінде қыз бен ұл бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп жүргені және денсаулығы жөнінен тіркеуде тұратыны анықталды

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Полицейлер 4 қазан күні жоғалған екі баланы тауып алды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Астан қаласының тұрғындарына WhatsApp желісі арқылы 12 жасар қыз бала мен оның 4 жасар інісі 4 қазан күні кешке "Евразия" сауда орталығы аумағындағы тұрғын үйлердің бірінен шығып кетіп, қайтып оралмады деген хабарлама таратылды. 

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау облысында жасөспірімнің денесі табылды

Қалалық ІІД хабарлауынша, полиция қызметкерлері тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2005 және 2013 жылы туған екі бала табылды. 12 жасар қыз бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүргені және денсаулығы жөнінен тіркеуде тұратыны анықталды. Балаларға қатысты ешқандай қысым көрсету әрекеттері жасалмаған. 

 

Жаңалықтар
0