Спорт

Головкин мен Мартиросян көз арбасты

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин-Мартиросян кездесуі 5 мамыр күні Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) көз арбасты, деп жазды prosports.kz. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин нашар қарсылас таңдадың деп сынағандарға жауап берді

Головкин-Мартиросян кездесуі 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Журналистерге берген сұхбатында Геннадий өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, тәжірибелі боксшы екенін айтты.

Сонымен қатар GGG бұл кездесуде жеңістің оңайға түспейтінін айтты. Сондай-ақ ол рингке шығатынына және тап осы "Синко де майомен" жұдырықтасатынына риза екенін жеткізді.


Жаңалықтар
0