Дерекқор

Абылай хан туралы қызықты деректер

Абылай хан
Абылай хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
Қазақ Ордасының ханы, батыл қолбасшы, дарынды дипломат Абылайды білмейтін қазақ жоқ. Бірақ ол қай Абылай? Әскери жетістіктері қандай? Неге оның билік еткен он жылы "Абылай дәуірі" деп есте қалды? Sputnik Қазақстан қазақтың ұлы ханы туралы қызықты деректерді ұсынады

Абылайдың балалық шағы

Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген. Ал "ақтабан шұбырынды" жылдарында әкесінен ерте айырылып, жетімдіктің зардабын көп тартты. Балалық шағы мен жасөспірім кезі қуғында өтті.
Әбілмансұрды әйгілі Төле би тауып алды деп айтады. Аш-жалаңаш, өңі жүдеген, шашы өсіп кеткен. Өзінің атын да білмейді. Содан атақты би оған "Сабалақ" деп ат қояды да, түйесін бақтырып қояды. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Шоқан Уәлихановтың жазбаларына сәйкес, Әбілмансұр ол кезде 13 жаста болған.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса, бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Әбілмансұрдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.
 Сұлтан Бейбарыс балеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Дерекқор
Сұлтан Бейбарыс туралы қызықты деректер
Бұқар, Үмбетей және тағы басқа жыраулардың мәліметтеріне қарағанда, Әбілмансұр 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі соның бір дәлелі.

Әбілмансұр қалай Абылай атанды

1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Одан кейін "Абылай! Абылай!" деген ұранмен жауға карсы шабады. Қазақ жауынгерлеріне жігер беріп, рухтандырады, шайқаста жеңіске жетеді. Осылайша, атын білмейтін жас жетім хандық ататегін білетін болып шығады.
Осы ұрыстан кейін хан шатыры құрылады. Әбілмансұрды Әбілмәмбет шақырып, қасына отырғызады.
"Шырағым, сен кімсің? "Абылайлап" шапқаның қалай? - десе: — Мен қанішер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған соң атамның атын ұран қылдым, — дейді. Сонда Әбілмәмбет хан: — Қарағым, бауырым! — деп құшақтап, сүйіпті де халқына айтыпты. — Баяғы Уәлибақының нәсілінен бір жалғыз бала қалды деп естіп едім, бұл сол екен. Сіздер ұнатсаңыз, үлкен хандық осының орайы еді, — депті. Халыққа ұнап, үш жүзден тоқсан жақсы ертіп барып, өздері қасиетті көретұғын Арғын, Шақшақ нәсілінен Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансүрды үлкен хан етіп қойыпты, Абылай атанғаны жоғарғы "Абылайлап" шапқанынан болды", — деп жазады Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Бұдан кейін Әбілмансұр есімі ұмытылып, жас батыр Абылай атанады.

Қай Абылай

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгірдің Уәлибақы мен Тәуке деген екі ұлы болған. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуке отырады. Ал Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына кетіп қалады.
Сабит Муканов, Дина Нурпеисова, Сергей Эйзенштейн, 1941 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
Дерекқор
Қазақтың әйгілі күйшісі Дина Нұрпейісова туралы қызықты деректер
Уәлибақының баласы Абылайға жекпе-жекте ешкім шақ келмейтін. Ол "қанішер Абылай" деп атанып кеткен. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Ал оның баласы – Әбілмансұр "Абылай" атанып кеткен.

Абылайдың әскери жетістіктері

1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыстағы ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай және тағы басқа қазақтың белгілі батырлары қатысқан.
1752 жылы Абылай бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. Ал 1753 жылы желтоқсанда 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде - тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірді. Осы шайқастарға қазақтың танымал батырлары да қатысты.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Дерекқор
Әйтеке би туралы не білеміз
1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін қытайлар Абылайдан бітім сұрады.
Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатар дипломатияны да шебер қолдана білді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Содан Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Ал өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді.
Памятник Абу Насыру аль-Фараби открыли возле Дворца Школьников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Дерекқор
Адамзаттың ұстазы әл-Фараби туралы не білеміз
1765-1767 жылдары Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.

Абылай тұтқынға қалай түсті

1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. Ал 1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті.
Ол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің алғы шебінде Абылай жүрді. Сол себепті босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды. Қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасады. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор генерал-губернаторы И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі.
Үш бидің ескерткіші - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Дерекқор
Қаз дауысты Қазыбек би туралы не білеміз
Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізеді. 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Осы орайда И.Неплюев сыртқы істер алқасына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірді.

Абылайдың билігі

Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалады, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.
XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: "1739 жылы Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген",- деп жазған. Шоқан Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Ал 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындар, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Ташкенттегі Төле бидің кесенесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Дерекқор
Төле би туралы қызықты деректер
Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен оның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті.

Абылайдың дипломатиясы

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "қамқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен Бейжіңге елшіліктер аттандырды. Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығының мүддесі үшін пайдаланды.
1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастады. Абылай жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды.
Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты.
Улытау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Дерекқор
Ұлы жүз рулары туралы қызық деректер
Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен "Қасірет белдеуі" ("Горькая линия") бойындағы орыс бекіністерін шапты.
"1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті", - деп жазды Уәлиханов. 1779 жылы 4 қазанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығында: "Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу" шаралары да қарастырылған.

Абылай дәуірі

Абылай қазақ мемлекетінің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен арақатынасты бірдей ұстап, халқының өз туған жерінің қожасы, өз тағдырының иесі болуын көкседі. Оның данышпандығы мен көрегендігінің арқасында кең байтақ Ұлы далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.
Жиренше шешен - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Дерекқор
Ханның серігі, дала данышпаны Жиренше шешен туралы қызықты деректер
Абылай хан он жыл билік жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді аткарды. Ол билік жүргізген он жылдың Дала тарихына Абылай дәуірі боп кіруі тегін емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады.

Күйші Абылай

Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол - "Ақ толқын", "Алабайрақ", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржыңқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шаңды жарық" және тағы басқа күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде өткізіп, 1781 жылы 70 жасында Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.
Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып қалды. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Кенен Әзірбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Дерекқор
Он үшінде боздаланың бозторғайы атанған Кенен Әзірбаев туралы не білеміз
Жаңалықтар
0