Жетісу облысында Audi жүк көлігімен соқтығысып, төрт бала зардап шекті

© Photo : ДП Жетысуйской областиЧетверо детей пострадали в страшном ДТП с грузовиком в Жетысу
Четверо детей пострадали в страшном ДТП с грузовиком в Жетысу - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 қазан – Sputnik. Жетісу облысында Ауди-100 бен ГАЗ САЗ соқтығысып, 9 адам зардап шекті, оның төртеуі – бала.
Полицияның хабарлауынша, көлік апаты 14 қазанда Көксу ауданында Балпық-би – Мәмбет тас жолында болған.
"Оқиға орнынан тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі (екі көліктің жүргізушісі) медициналық тексерістен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қалған жеті адам дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккендердің төртеуі - 2011, 2018, 2019 жылы туған балалар", - деп хабарлады Жетісу облысының полициясы.
Жол апатына қатысты сараптамалар жасалады, қылмыстық тергеу басталды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.
Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана Каталин Раду провёл экстренное совещание Операционного центра по случаю авиапроисшествия - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Қарағандыдағы ұшақ апаты: қаза болғандар туралы ақпарат жарияланды
Жаңалықтар
0