Алматыда күн күрт суытады

© Sputnik/Ертай Сарбасов Алматы қысы
 Алматы қысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Оқушылар қашықтан оқыту форматына көшеді
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 13-14 желтоқсанда қатты аяз болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі синоптиктерге сілтеме жасап.
"Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында ауа райы күрт суытады (13 желтоқсанда түнде 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде 25-27 градус қатты аяз болады)", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді.
Еске сала кетейік, 11-13 желтоқсан күндері ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейтіні хабарланды. Синоптиктер қала тұрғындарын жарақат алып, үсік шалмау үшін ұзақ уақыт көшеде болмауға шақырды.
Мороз - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
30 градус аяз: ауа райына байланысты Астана тұрғындарына ескерту жарияланды
Жаңалықтар
0