Еліміздің сегіз облысында 46 жол учаскесі жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеуде
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Ауа райына байланысты еліміздің сегіз аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)", - деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол компаниясынан.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеуде.
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты – зардап шеккендер бар
Жаңалықтар
0