Қоғам

Астанада бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Жазылу
Елордада қалың қар түсіп, бұрқасындатып тұр
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлады әкімдік.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 8 қаңтар күні екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді", - делінген хабарламада.
Қала көшелерінде таңнан бері 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге тарта жұмысшы жұмыс істеп жүр.
Синоптиктердің болжамынша, 8 қаңтар Астанада қатты қар жауады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус суық.
Айта кетері, бүгін Абай облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды:
Бородулиха ауданында барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары:
Жарма ауданында 10 мектептің 1-9 сынып оқушылары, 5 мектептің 1-4 сынып оқушылары.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқып жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Өңірлер
Бес облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Жаңалықтар
0