Абат Айымбетов Түркия клубына ауысты

© Photo : Казахстанская федерация футболаФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Келісім 1,5 жылға жасалды, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Түркияның "Адана Демирспор" клубы "Астана" және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартқа қол қойды.
"Адана Демирспор" баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалған.
"Адана Демирспор" 23 матчта 31 ұпай жинап, Суперлига кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып есептелмейді. Абат"Қайрат" пен "Ақтөбеде" де ойнаған.
Өткен маусымда шабуылшы "Астана" сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Футбол. ЧМ-2022. Финальный матч - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Қазақстан 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізе ме – министрлік жауап берді
Жаңалықтар
0