14:17 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Жедел жәрдем көлігі

Нұр-Сұлтанда 7 көлік соқтығысты: бір адам ауруханаға жеткізілген

© Sputnik / Владислав Воднев
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
144 0 0

Жол апаты 11:30 шамасында Тұран даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Елордада бүгін ірі жол апаты болды. Жеті көлік соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші ауруханаға түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  

Жол апаты Тұран даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында сағат 11:30 шамасында болған.

Жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамда тұрған Газель көлігімен, кейін тағы 5 автокөлікпен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің денсаулығы сыр берген.

"Қызылға" өтіп кеткен: Нұр-Сұлтанда автобус адамдарды қағып кетті

"Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Кілт сөздер:
жүк көлігі, жүргізуші, Нұр-Сұлтан, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып