06:49 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Ержан Максим

Ержан Максим The World's Best шоуына қатысуы мүмкін

© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
86 0 0

The World's Best – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған таланттар бақ сынайтын америкалық шоу

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі келесі жылы америкалық The World's Best шоуына Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресейлік "Голос. Дети" жобасының суперфиналисі Ержан Максим 2020 жылы The World's Best шоуында бақ сынауы мүмкін.

"Голос. Дети" финалистері тағы жиналады: Ержан Максим қатыса ма?

"Халықаралық сайыстарға қатысу мәселесін министрлік шешіп жатыр. Биыл "Балалар Евровидениесі" өтіп кетті. Енді Ұлыбритания, Америка бар. Биыл бізден The World's Best шоуына екі адам – Данэлия мен Димаш қатысты ғой. Келесі жылы министрлік Ержанның кандидатурасын ұсынады", - деді Маемиров мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті – видео

The World's Best – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған таланттар бақ сынайтын америкалық шоу. Жобаның бірінші маусымына қазақстандық жас әншілер Данэлия Төлешова мен Димаш Құдайберген қатысты.

Кейінірек Димаш балаларға жол беруді жөн көріп, шоуға одан әрі қатысудан бас тартты. Ал Данэлия Төлешова Гранд-финалға өте алмай қалды.

Ержан Максимнің алдағы жоспары

24 мамырда 12 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" жобасының арнайы шығарылымына қатысады. Оған ресейлік шоудың барлық финалисі шақырылған.

Ержан Максим елордада алғашқы концертін береді

Ал 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында жас әншінің алғашқы жеке концерті өтеді.

Тақырып бойынша

Ержан Максим екінші орын алған "Голос. Дети" нәтижесінің күші жойылды
Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео
"Бірінші орын алмағаным жақсы болды" Ержан Максим "Голос. Дети" жайлы пікір білдірді
Ержан Максим ресейлік байқауда ән айтып жатқан кезде стақан сынып кетті - видео
"Ержан Максим – жеңімпаз!" Ресейлік әртістер "Голос. Дети" байқауын әділетсіз деп айыптады
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
Ержан Максим облыс әкімінің қолынан сыйлық алды – фото
Ержан Максим Микелла Абрамовамен дуэт болып ән айтты - видео
Кілт сөздер:
әнші, шоу, Ержан Максим
Загрузка...

Басты тақырып