21:38 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Экономика
Қысқа сілтеме алу
119 0 0

Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" белгілі бір даму деңгейіне жеткенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Кездесу барысында Қазақстан президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының бәріне қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.

"Бүгінде "ҚазМұнайГаз" белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыруды, технологиялық үдерістерді цифрландыруды, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде", – деді Қазақстан президенті.

Астанада жыл соңына дейін 9 мемлекеттік кәсіпорын жекшелендіріледі

Сауат Мыңбаев мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Тақырып бойынша

Қазақстанда Ресейден бензин әкелуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойылды
Бозымбаев Астанаға газ тартуға ақша қайдан алынатынын айтты
Назарбаев ақшасын шетелге тыққандарға: өздерің қайтармасаңдар, басқа жолын табамыз
Кілт сөздер:
IPO, Қазақстан президенті, мұнай, ҚазМұнайГаз, Сауат Мыңбаев, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып