07:53 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Трагедияға айналдырудың қажеті жоқ": Тоқаев үкіметке өтініш жасады

© Sputnik / Михаил Климентьев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1464 0 0

Микро және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін елорда бюджеті шамамен 40-50 миллиард теңгеден қағылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда бюджетінің неге қысқаратынын түсіндіріп, үкіметке "түймедейді түйедей етпеуге" кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тағы бір маңызды мәселе – шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджетке беру. Микро және шағын бизнес субъектілерін салықтан босатқаннан кейін қала бюджеті 40-50 миллиард теңгеге қысқарады. Негізінде, бұл күтілетін нәтиже, мәжбүрлі шара, бизнеске көбірек адам тарту үшін жасалып отыр. Үкіметтен мұны трагедияға айналдырмауды өтінемін. Одан да бақылау жасап, әрекет етіңдер. Сіздер жоспарланған шығынның орнын толтыруға қажетті 230 миллиард теңгені оңай табасыздар деп санаймын", - деді Тоқаев астананы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

Мемлекет басшысы үкіметпен бюджетке түсетін кірістер жайлы 15 қазанда өтетін жиналыста тағы сөйлесетінін атап өтті.

"Есесіне біз халықты бизнеспен айналысуға ынталандырамыз. Әйтпесе, тығырықтан шыға алмаймыз", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте жария еткен жолдауында үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов шағын бизнесті салықтан босатсақ, 2020 жылы ел бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз: Табыс салығынан кімдер босатылуы мүмкін?

Айтуынша, былтыр микро және шағын бизнестен мемлекеттік бюджетке 190 миллиард теңгеге тарта салық түскен.

Салықтан кімдер босатылады?

Смайыловтың сөзінше, салық заңнамасына сәйкес, 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейін немесе 76 миллион теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар микробизнеске жатады.

Ал 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 АЕК-ке дейін немесе жылына 757 миллион теңге болатын ұйымдар шағын бизнес саналады.

Тақырып бойынша

Бір адам 65 миллион қарыз: Салық төлемей жүргендердің аты-жөні жарияланды
Бірнеше пәтері бар 20 мыңнан астам адам салық төлемеген
Министр амнистияға ілігетін салық төлеушілердің санын атады
Берешегі бар қазақстандықтар үшін салық амнистиясы жүргізіледі
Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі
Инвестор мен кеденшілер арасындағы дау: Ақтөбедегі кәсіпорын қосымша салық төлемейді
Кілт сөздер:
салық, Үкімет, президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып