Экономика

"Қолға алуы тиіс": президент үкіметке тапсырма берді

© Sputnik / Болат ШайхиновНалоговый кодекс РК
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент игерілмеген жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі айла-амалы орын алып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай бос жатқан жер телімдері үшін базалық салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту қажет деп санайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пайдаланылмаған жер телімдері үшін базалық салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту қажет. Сондай-ақ, мәжбүрлі түрде алу үшін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау мерзімін қазіргі екі жылдан бір жылға дейін қысқарту талап етіледі", - деді мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, игерілмеген жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі айла-амалы орын алып жатыр.

"Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс", - деп тапсырды Тоқаев.

Тағы оқыңыз: "Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді

Президент жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық екенін қадап айтты.

Жаңалықтар
0