02:11 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Арнайы жасақ

БАҚ: мұнай ұрлау ісі бойынша Алматыда ҰҚТ басшысы ұсталды

© Foto: Официальный сайт КНБ РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Ақтөбедегі арнайы операция (5)
35 0 0

Ақтөбе мен басқа да өңірлерде қарулы күштер ірі масштабты арнайы операция жүргізді.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik. Қазақстанда мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ҰҚТ) құрықтау бойынша жүргізілген арнайы операция аясында Алматыда "Ағайынды төртеу" ҰҚТ басшысы ұсталды деп хабарлайды КТК.

Сәрсенбі күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және ІІМ-мен бірігіп Ақтөбе облысы және елдің басқа да аймақтарында  мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтау бойынша арнайы операцияның бастағандығын хабарлаған болатын.

ҰҚК мәліметінше, жедел іздеу шаралары барысында мұнай ұрлауға қатысы бар деген күдікпен бірнеше тұлға ұсталып, мұнай және мұнай өнімдері бар автоцистерналар алынған.  Бұдан бөлек, радикал салафизмнің бірнеше ұстанушысы ұсталыпты, олар мұнай ұрлауға қатысы бар тұлғаларға басшылық еткен.

"Мұндай шаралар Алматыда да жүргізілді. Құқық қорғаушылар "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысын құрықтады", — деп хабарлады телеарна.

ҰҚК айтуынша, тергеу нәтижелері туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Тақырып:
Ақтөбедегі арнайы операция (5)

Басты тақырыптар