Оқиға

СІМ: Торонтода қазақстандықтардың зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ

© AFP 2024 / Lars Hagberg / AFPТоронтода шағын автобус жүргіншілерді басып кетті
Торонтода шағын автобус жүргіншілерді басып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатқан

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Торонтодағы оқиға кезінде қазақстандықтардың зардап шеккен-шекпенін тексеріп жатыр.

Торонтода жүргізуші бір топ адамды басып кетті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Канадада жүргізуші он адамды қасақана басып өлтірді
  

"Біздің Канададағы дипломаттарымыз жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатып, Торонтода жаяу жүргіншілерді шағын автобустың қағып кетуі салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. Осы сәтке дейін қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті.  25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. 


Жаңалықтар
0