09:36 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Күдіктіні ұстау

Журналисті өлтірді деген күдікті қолға түсті: Есіл жағасындағы үйде жасырынған

© Sputnik / Максим Блинов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
565 0 0

Күтпеген жерден ұсталған ер адам полицейлерге қарсылық танытпады және қашып кетуге тырыспады

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Журналист Ирина Бекетованы өлтірген болуы мүмкін күдікті Есіл өзенінің жағасындағы ескі ғимаратта ұсталды. Елорданың 34 жастағы тумасы Анатолий Гусейнов Ақмола облысы Аршалинск ауданы Ижевск ауылында жасырынып жүрген.

Оны ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері тұтқындады. ІІМ ұстау операциясының асқан жылдамдықпен жүргізілгенін айтты. Бірақ күтпеген жерден қолға түскен ер адам еш қарсылық танытпаған.

Гусейнов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Журналист Ирина Бекетованың денесі өзі тұрып жатқан үйдің подъезінен табылды. Оны бір шаңырақ астында бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі өлтірген болуы мүмкін деген болжам бар.

Марқұм мен күдікті заңды түрде некелеспеген. Екеуінің ортақ екі баласы бар.

Журналистің төрт бала тәрбиелеп отырғаны туралы хабарланған-ды. Олардың ішінде біреуіне ерекше күтім керек. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша

Лифтіде жаншылып өлген журналистің анасы кінәлілерді қатаң жазалауды сұрады
Тікелей эфирде сұхбат алып тұрған журналист есінен танып құлады – видео
Белгілі журналист Головкинге "Канелоны" қалай нокаутқа түсіру керектігін айтты
Қостанай облысының тұрғыны ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салды
Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған
Кектенген қаныпезер ауыл тұрғынын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті
Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, қоқысқа лақтырып жіберген
Кілт сөздер:
журналист, ер адам, күдікті, азаматтық неке, бала, полиция, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып