16:02 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4697 0 0

Қыз 7 ақпан күні Көкшетау қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына кеткен. Кейінірек қоңырау шалғанда, телефоны өшірулі болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері алты күн бұрын жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр.

Осы жылдың 11 ақпанында Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне Зеренді ауданы Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны 1993 жылы туған қызы Шолпан Ахмет жоғалып кеткенін хабарлаған.

"7 ақпаннан бастап қыздың қай жерде екендігі белгісіз. Бойы – 156 сантиметр, реңі қара, оң жақ ернінің үстінгі жағында қалы бар. Соңғы рет тобыққа дейінгі ұзындықта жасыл түсті күртеше, қара түсті бас киім, көк түсті джинсы, қоңыр бәтеңке киіп кеткен", - деп жазды polisia.kz.

Аталған факті бойынша Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізді. Анасының айтуынша, ол 7 ақпан күні Көкшетау қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына кеткен. Кейінірек қоңырау шалғанда, телефоны өшірулі болған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің қайда екені анықталды

Қазіргі таңда қыздың қайда екені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ұялы телефоны әлі де сөндірулі.  

Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған бала табылды
Жардан құлаған: Қазығұртта қартаң әйел жүре алмай отырған жерінен табылды
Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео
Дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кетті
Түркістан облысында бір ай бұрын жоғалған оқушы қыз аман-есен табылды
Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады
Загрузка...

Басты тақырып