Саясат

Президент Путин және Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттер Елбасын туған күнімен құттықтады

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жұмысына жаңа табыстар тіледі. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаш Елбасын туған күнімен ерекше құттықтады

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. 

Архитектор Василий Тоскин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Архитектор: Целиноградтың бас жоспары – әлемдегі ең үздік жобалардың бірі

Шавкат Мирзиёев де Қазақстан Президентін тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тілеп, жоғары мемлекеттік қызметте табыстарға жетуге ниеттестік білдірді.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, алдағы кездесулердің кестесі қаралды.


Жаңалықтар
0