11:07 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Қалмұханбет Қасымов

Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы-2018 (21)
2327 0 0

Мемлекет басшысы шетелдік полицейлердің көшеде тұрып пара алмайтынын айтып, олардан үлгі алуға шақырды

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Генерал Қасымовты мемлекетіміздегі ең тәжірибелі полицей ретінде білемін. Ол — адал әрі адамгершілігі мол жан. Осылай мақтады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауы кезінде, деп хабарлайды тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінге күнге дейін халықты қорғау мақсатында 700-ден астам полицейдің қаза болғанын еске алды.

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

"Құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізу қажет. Өмір сапасы қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Қылмыспен күрескенде ішкі істер органдарының қызметкерлері алдыңғы шепте жүреді және өмірлерін қатерге тігеді. Тәуелсіздік жылдарында 770 полицейдің өлгенін сіздердің ешқайсыларыңыз білмейсіздер. Әйтпесе, полицейлерді міндетті түрде жамандау керек деген пікір қалыптаспайтын еді. Халық бір нәрсе бола қалса, соларға көмек сұрап жүгіреді. Полиция адамның көмекшісіне айналуы тиіс. Керісінше оларды жазалайтын таяқ болмаулары керек", — деді президент.

Әрі қарай Елбасы Қасымовқа қатысты пікірін білдіріп, оның өзі білетін ең адал адамдардың бірі екенін айтып өтті.

"Мен генерал Қасымовты мемлекетіміздегі ең тәжірибелі полицей деп санаймын. Ол адал әрі адамгершілігі мол жан. Әрі қарай не істеу керектігін оның өзі ұсынады деп ойлаймын. Бізде бағдарламалар бар. Жаңғырту бойынша ішкі істер органдарының жұмысына қатысты "Жол картасын" қабылдау қажет. Бұған 2019 жылы старт берген жөн", — деді президент.

Мұнымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қасымовтың бұл салада әлемдік дәрежеде тәжірибесі бар екенін айтып өтті.

"Полицияның қалай жұмыс істеу керектігі туралы тәжірибе бар. Мен сізді Германияға да, Грузияға да жібердім. Олардың осы мәселені қалай жолға қойғандарын қараңыздар. Шетелде полицейлер көшеде тұрып алып пара алмайды. Тек көлікпен жүреді. Сондай-ақ, олардың саны аз болады ", — деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы — видео

Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)

Тақырып бойынша

"Сендерге басқа не керек?" Назарбаев әкімдерге ескерту жасады
"Тағы айтамын!". Назарбаев мемлекеттің ешкімге тегін үй бермейтінін ескертті
"Шөп шықпаса да бәрібір". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды
Президенттің бес жолдауы: Назарбаев Қазақстан халқына не айтты
"Судың да сұрауы бар" Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда
Алматы облысының 2 миллионыншы тұрғынының есімін президенттің құрметіне қойды
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, адам, генерал, президент, полиция, Ішкі істер министрлігі, Қалмұханбет Қасымов
Загрузка...

Басты тақырып