06:19 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына Жолдау жариялады

"Тамыршыдай тап басады": Тоқаевтың баспасөз хатшысы жолдау туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы - 2019 (26)
4357 0 0

Бүгін мемлекет басшысы парламенттің бірлескен отырысында қазақстандықтарға жолдау жасады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жолдауда айтылған басым бағыттарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Уәли мемлекет басшысының алғашқы жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап бергенін атап өтті.

"Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Айтуынша, негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды. Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

"Тоқаев аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамды тартуға шақырды. Сондай-ақ, осы мақсатпен белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын атап өтті. Бұл кеңестің ротациялық тәртіппен жұмыс істейтіні туралы айтылды", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, президент митингілерді ұйымдастыру тәртібін жаңарту қажет деген пікірде.

"Егер бейбіт акциялар заң аясынан шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс", – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылады. 

"Президент өзінің уәдесін орындады және жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды", - деп жазды Уәли.

Оның ойынша, азаматтар мен бизнес президенттің монополистерге қарсы күресуге шақыруын қолдайды.

Сондай-ақ, Уәли Тоқаевтың бағаның өсуіне қатысты айтқан сыни пікірін еске салды.

"Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның өте жоғары екені жасырын емес. Мәселен, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 процентке артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?!", - деген еді президент өз жолдауында. 

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы

Уәлидің айтуынша, микро және шағын бизнес саласындағы жаңадан құрылған компанияларды негізгі қызмет түріне салынатын салықтан үш жылға босату Тоқаевтың ерекше резонанс тудырған тапсырмаларының бірі болды.

"2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді", - деп жазды ол.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтқан еді.

"Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет. Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: мемлекет басшысы үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды", -деп еске салды президенттің баспасөз хатшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы қаншаға өсетінін айтты

Уәли Тоқаев мемлекетті басқару жөніндегі өзінің формуласын іске асырғанын айтты.

"Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет". Халық енді жергілікті билік жұмысының тиімділігін тікелей бағалай алады. Сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 проценттен астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл президент әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған проблеманы зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады", - деді ол.

Баспасөз хатшысы жолдау ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатынын атап өтті.

"Айтылған ұсыныстар мемлекет басшысының елді толғандырған барлық мәселені білетінін, тамыршыдай тап басатынын дәлелдеді", - деп жазды Уәли.

Тақырып:
Президент жолдауы - 2019 (26)
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Жолдау - 2019, Қазақстан халқына арналған Жолдау
Загрузка...

Басты тақырып