16:54 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Саясат
Қысқа сілтеме алу
449 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі саммиті барысында Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденін алды, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

​Бұл айрықша белгі Елбасыға Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің VII саммиті кезінде тапсырылды.

Отырыс барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Назарбаевқа Түркі әлемінің құрметті төрағасы мәртебесін беруді ұсынды.

15 қазан күні Бакуде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің VII саммиті басталды. Саммиттің тақырыбы – "Шағын және орта бизнесті дамыту".

Тағы оқыңыз: Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді

Отырысқа президенттер Ильхам Әлиев (Әзербайжан), Сооронбай Жээнбеков (Қырғызстан), Режеп Тайып Ердоған (Түркия), Шавкат Мирзиёев (Өзбекстан), сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қатысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге сапары барысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Түркия басшылары Сооронбай Жээнбеков пен Режеп Ердоғанмен келіссөздер өтеді.  

Тақырып бойынша

"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
Қазақстан президенті ТМД үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды
"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды – видео
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
"Мен оларды аяймын": Назарбаев шетелде жүрген сатқындарға мінездеме берді 
Назарбаев Бакуге барып, Ильхам Әлиевпен кездесті
Кілт сөздер:
орден, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып