05:26 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қоқыс

Ақтау халқы қоқыс үшін 175 миллион теңге қарыз

© Sputnik / Андрей Стенин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Ақтаулықтар қоқыс шығару үшін миллиондаған қаражат қарыз боп қалған. Төлемді уақытылы орындауға зейнеткерлер ғана мұқият қарайды екен

АҚТАУ, 22 маусым — Sputnik. Ақтау тұрғындары қоқыс шығару үшін ақшаны уақытында төлемей, миллиондаған қарыз жиналып қалған.

Қарыз алты жылдан бері көбейіп келе жатыр. Қазір 175 миллион теңгеге жетті. Заңды тұлғалардың берешегі 50 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Төлемді уақытылы орындауға қарт кісілер жауаптырақ келеді, дейді Caspiy Operating директоры Ғалымжан Ахметов. Ахметовтың мәліметінше, тұрғындардың басым көпшілігі пәтерде қанша адам тұратынын ашып айтпайды.

Ақмола облысының әкімі Астанадан шығарылатын қоқысқа шағымданды>>

"Шара қолдануға тырыстық – пәтерлерді аралап, деректерді нақтыладық. Бірақ жұрт есігін ашпайды. Әділет департаментімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, сонда пәтерде тұратындардың нақты санын білеміз", — деді Ахметов.

2017 жылдан бері Ақтау тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі — 211 теңге.

Қоқысқа тасталған жүздеген жұмыртқадан балапандар жарып шықты — видео>>

Астанада байқаусызда қоқысқа тасталған 2,5 млн теңгенің әшекейі табылды>>

Кілт сөздер:
тұтынушылар, тұрғындар, қарыз, қоқыс, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып