22:09 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Пышақ

Ақмола облысында ақсақал ұлын немерелерінің көз алдында пышақтап өлтірді

© Sputnik / Murad Orujov
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
196001

Жанжал кезінде ұлын өлтірген ер адамға әйелі кешірім берді

КӨКШЕТАУ, 28 шілде – Sputnik. Ақмола облысында ашу үстінде баласын пышақтап өлтірген қарт кісі сотталды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Қайғылы оқиға өңір ауылдарының бірінде 17 наурызда болған. Сол күні мас тұрғын әйелімен түнде қонақтан оралады. Киімін ауыстырып, малды жайғастыруға дала шығып кетеді. Үйіне қайтып келсе, ұлы теледидардың даусын қатты қойып көріп отырған немерелеріне ұрысып жатыр екен. Ақсақал балаларға тиіспе деп ескертеді. Сол кезде екеуінің арасында жанжал туады: әкесі бұрын да жұмыс істемейсің деп баласына ұрысқан.

Кенет баласы үтікті алып әкесінің басына лақтырып жібереді, ақсақал соққы алып, шкафқа құлап түскен. Ашуға булыққан ол ас үй пышағын алып, ұлының кеуде тұсына екі рет сұғады. Жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Қалыңдық күйеуін тойға бұрынғы қызын шақырғаны үшін жауыздықпен өлтірді

Полиция ауыл тұрғынын қамауға алды. Сотта марқұмның анасы күйеуіне кешірім беріп, жазаламауды өтінген.

Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот 64 жастағы ер адамды кісі өлтіргені үшін айыпты деп таныды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тақырып бойынша

Сірке суы, пышақ және зілбалға: екі әйел айуандықпен кісі өлтірді
20 рет пышақ салған: Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел сотталды
Жас әйел автобуста төрт адамды пышақтады
Семейде ер адам бес жасар қызды мазасын алғаны үшін айуандықпен өлтірген
Кілт сөздер:
соттау, кешірім, сот, кісі өлтіру, пышақтау, бала, қарт, пышақ, Көкшетау, Ақмола
Загрузка...

Басты тақырып