06:16 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Шымкент

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін үй салынады

© Foto: официальный сайт акимата Шымкента
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
176 0 0

Тұрғын үйлердің қаланың екі бірдей жаңа ауданында - Shymkent City мен әкімшілік-іскери орталықта жүреді.

ШЫМКЕНТ, 8 тамыз — Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, жалпы аумағы 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 

Тұрғын үйлердің құрылысы қаланың екі бірдей жаңа ауданында, атап айтқанда Shymkent City мен әкімшілік-іскери орталықта жүреді. Баспананың 1 шаршы метрінің бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 140 000 теңге болады. 

Алғашқы 598 пәтерді тұрғындар осы жылы ала алады, осы мақсатта қаланың жаңа әкімшілік-іскери орталығында 11 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс салушы бұл үйлерді 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. 

"Өз үйім" бағдарламасы бойынша өтініш қабылданбақ

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарнаның болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теңге жинау қажет. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді", — деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті. 

Қалған 1 880 пәтердің құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланған. Жаңа үйлер Shymkent City ауданында салынады. 

"Нұрлы жер" бағдарламасының шарттарына сәйкес, келесі талаптарға сай азаматтар бұл пәтерлерден үміткер бола алады: 

  • ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы; 
  • өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында жеке меншік үйінің болмауы;
  • төлем қабілеттілігін растай алуы. 

Сондай-ақ банк салымшылары басқа да бағдарламалар арқылы баспаналы бола алады. 

Мысалы, қазір "Өз үйім" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылданып жатыр. Оның аясында Шымкент қаласының Төлеметов көшесінде тұрғын үй кешені салынуда. Мұндағы пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 178 500 теңгені құрайды. 20% көлеміндегі бастапқы жарна болған жағдайда, банк 7% мөлшерлемемен заем береді, кейін жылдық мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді. 

Бұған қоса, осы жылы банк салымшылары үлестік құрылысқа қауіпсіз түрде қосыла алады. Үй бағасы белгіленген, 1 шаршы метрдің құны — 180 000-250 000 теңге. Тұрғын үйлер Шымкенттің "Нұрсәт" ықшамауданында салынып жатыр.

Қазақстандықтар көп шағымданатын банктер жарияланды

7-20-25 бағдарламасы: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алып жатыр?

Тақырып бойынша

Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек
Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?
Қанша адамның "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредит алғаны белгілі болды
"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?
"7-20-25": Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұр
"7-20-25" бағдарламасынан кейін баспана қымбаттай ма?
Қазақстан халқы 23 мұқтаж отбасыға баспана әперді
"Нұрлы жер" бойынша баспана алу үшін табысың қанша болуы керек?
Кілт сөздер:
өз үйім, Нұрлы жер, пәтер, үйлер, баспана, "7-20-25" бағдарламасы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырыптар