19:49 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Ақша

Бір аптада үш көлік ұрлаған баланың ата-анасы қомақты шығын төлейді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
191 0 0

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болды

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Оралда бір аптада үш көлік ұрлаған баланың ата-анасы темір тұлпар иелерінің шығынын өтеуге мәжбүр, деп хабарлайды "Мой город" өңірлік басылымы.

Алғаш рет бала Suzuki көлігін айдап әкетіп, жеңіл-желпі түсті. Бұл авто иесіне ата-анасы 100 мың теңге төлейді.

Екінші жолы, яғни үш күн өткен соң жеткіншек Toyota микроавтобусын ұрлап кетті. Сол кезде көпірдің бетон тіреуіне соғылып, ұсталған еді. Бұл жерде шығын көлемі – 300 мың теңге.

Үшінші рет балақай Hyundai көлігін айдап әкетіп, бетон блоктарға соғылып қалды. Бұл темір тұлпардың иесіне бір миллион теңге төленуі тиіс.

"Бала кілтін көліктің ішіне тастап кеткен жүргізушілердің салғырттығын пайдаланған. Коля жап-жақсы бала, мектепте оқиды, толыққанды отбасыдан шыққан. Әкесі – 30 жылдық тәжірибесі бар шопыр. Тұрмыстық жағдайлары да жаман емес. Компьютері, планшеті, оқу үстелі бар", — деп мәлімет берді Орал қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Мүслім Жәрдемов.

Әкесінің айтуынша, балақай қатысты компьютерлік ойындарға әуес көрінеді.

"Планшетте үнемі автобус, жүк көліктері бар ойындарды ойнап отырады. Автокөліктердің бүкіл маркасын біледі. Кез келген жерге тұраққа қоя алады. Автобус жүргізуші болған кезімде, қасымда бәрін бақылап отыратын. Бәлкім, көліктерге деген ықыласы қанмен берілген шығар. Бұрын мұндайы жоқ еді. Екі аптада адам танығысыз өзгеріп кетті", — дейді ер адам.

Көлік ұрлау деректері бойынша ҚР ҚК 140-бабы "Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға дұрыс тәрбие бермеу" бойынша қылмыстық істер қозғалды. Істі кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша комиссия мектеп директоры және психологтармен бірге қарайды.

Оралда 9 жасар бала бір аптада үш рет апатқа ұшырады

Баланың бұдан бұрын үйінен қашып кеткені анықталды.

Тақырып бойынша

Алматыда төрт жасөспірім көлік айдап әкетіп, апатқа ұшырады
Қостанайда көлік жуушылар BMW айдап әкетіп, апатқа ұшыраған
Алматыда мас көлік жуушы автокөлікті айдап кетіп, жол апатына түсті
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, сот, келтірілген шығын, ата-ана, полиция, жүргізуші, көлік ұрлау, көлік апаты, бала, Орал
Загрузка...

Басты тақырып