02:48 24 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.96
  • EUR423.78
  • RUB6.03
Жансақтау

Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды

CC0 / pixabay.com
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
965 0 0

Әйел адам анестезиологиялық препараттан қайтыс болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 19 қазан — Sputnik. Кеудесіне пластикалық ота жасатқаннан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада 8 қазанда қайтыс болған алматылық әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Медициналық мекемеге 3 қазанда "дірілдеуік синдромымен" түскен. Пластикалық операция жеке емханалардың бірінде жасалыпты. Бұл жайында Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтып берді.

Оның айтуынша, қазір осы екі медициналық мекеме бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Сараптаманы тәуелсіз мамандар жасайды. Әйел NOA Estetique пластикалық және лазерлік косметология орталығы базасындағы операция кезінде пайда болған дірілдеуік синдромымен ауруханаға түсті. Бастапқы деректер бойынша, анестезиологиялық препарат солай әсер еткен болса керек. Қазір Алматы қаласының ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп жатыр", — деп мәлімет берді басшы телефон арқылы.

Sputnik Қазақстан агенттігіне басқа дереккөз хабарлағандай, әйелге жергілікті анестезия беріп, үрпіні қалыптастырып жетілдіретін операция жасалған. 

Отаны хирург Дмитрий Писарев жасапты. Бұл дәрігерге қатысты Алмалы аудандық сотында басқа іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр: 2016 жылы липосакция жасатқан тағы бір әйел – 34 жастағы Дана Ағамұратова қайтыс болған еді. 

Белгілі болғандай, Писарев еш жерде жұмыс істемейді. Өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Емхана да бұл мәліметті растады.

Көз жұмған әйел 30 жаста еді, аты – Лаура. Отбасындағы жалғыз қыз екен. Расталмаған деректерге сүйенсек, қазақстандық әуекомпанияларының бірінде борт серігі болып қызмет еткен.

Тақырып бойынша

Астаналық дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегіне ота жасады
Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған
Резеңкені қолынан бірнеше ай бойы шешпеген қызға ота жасауға тура келді
Шымкентте құлағы бетінде орналасқан балаға ота қажет
Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған
Кілт сөздер:
хирург, пластикалық ота, кісі өлімі, науқас, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып