06:20 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Өрт, архивтегі сурет

Бүтін бір отбасын атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыстың мән-жайы

© Sputnik / Андрей Стенин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23848 0 0

Оқиға 2012 жылдың 25 қазанында Алматы облысындағы Басшы елді мекенінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Жергілікті тұрғындар күйіктің иісінен оянып, көршінің үйі лапылдап жанып жатқанын көрген. Алайда көмекке ұмтылған көршілер кәсіпкердің отбасын құтқару мүмкін емес екенін білмеген.

Полицейлер нені анықтады

Оқиға орнына полиция мен өрт сөндіру қызметі жетті. Көршілердің бірі терезеден кәсіпкердің әйелі Сәуленің денесін көріп қалған. Оны бірер секунд ішінде далаға алып шыққанмен, жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмғанын анықтаған. Әйелдің денесінде оқ ізі болды.

Полицейлер бірден Сәуленің күйеуі мен оның туысынан күдіктене бастады. Өйткені екеуі де оқиға орнында жоқ еді. Бірақ олардың денесі үйдің маңынан табылды. Ер адамдардың үстіне шөп қойып, бензин құйып, өртеп жіберген.

Үйдің іші астан-кестен. Қылмыскердің бір нәрсе іздегені анық.

Қаскөй қалай табылды

Қаза болғандардың шағын бизнесі бар еді. Азық-түлік дүкені бар отбасының үнемі қолма-қол ақшасы болатын. Қылмыскер мұны жақсы білген.

Полицейлер Бақдәулет есімді тұрғынды іздей бастайды. Өйткені оны оқиға маңында көрген екі куәгер табылған.

Алайда жігіт ауылдан кетіп қалған. Оның туыстары Бақдәулеттің жайылымға кеткенін айтты. Ал өзге шопандар оны біраздан бері көрмегенін жеткізген. Бірнеше күннен соң Бақдәулет ауылға өзі келді. Ол жолда өзін біреулер ұрып, ауылға әрең жеткенін айтқан.

Тағы оқыңыз: Қос ғашықты тірідей өртеді: әйел өлер алдында шындықты айтып кетті

Полиция бөлімінде де 25 жастағы жігіт айтқанынан қайтпаған. Алайда бірнеше сағаттан соң шатасып, шындықты айтуға мәжбүр болды.

Тұрғындар ауылдастарының мұндай сұмдық қылмысқа барғанына сене алмаған. Бәрі Бақдәулетті жақсы адам ретінде сипаттаған. Алайда жігіттің осындай ауыр қылмысқа ақша мен жұмыс жоқтығынан барғаны анықталды.

Дүкенге барған кезде кәсіпкердің туысы аға-жеңгесінің үйде болмайтынын айтқан. Бақдәулет бірден ұрлықты жоспарлай бастапты. Бірақ ешкімді өлтіргісі келмегенін айтады. Қаруды қорқыту үшін ғана алған. 

Қараңғы түскенде қаскөй кәсіпкердің үйіне барып, қорада тығылған. Бірнеше сағат бойы сол жерде отырыпты. Жоспарын жүзеге асыруға кіріскен кезде аулаға үй қожайының көлігі кірген.

Тағы оқыңыз: Екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды

Кәсіпкердің туысы Арман қораға кіргенде, қаскөй не істерін білмей қалса керек. Бетіндегі маска да түсіп қалыпты. Бұдан соң қылмыскер Арманды атып өлтірді. 

Оқ дыбысын естіген үй қожайыны да бірден қораға бет алды. Бақдәулет оны да атып өлтіреді. Куәгер қалдырмау үшін Сәулені де өлімге қиған.

Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұл материалды толығырақ Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан оқи аласыз.

Тақырып бойынша

22 жыл бойы бостандықта тайраңдап жүрген: астаналық полицейлер қаскөйді қолға түсірді
Сегіз жасар бала әпкесі мен өзін қылмыскерден құтқарып қалды - видео
Ақылға сыймайды: полицейлер әке-шешесін азаптап өлтірген қаскөйді қолға түсірді
Нұр-Сұлтанда екі жігіт жабылып қыз зорлады: күдікті елге қайтарылды
Тараздағы қанды оқиға: бір отбасыны қырып салған малшыға үкім шықты
Кілт сөздер:
қылмыс, Алматы облысы, өрт, отбасы
Загрузка...

Басты тақырып