23:10 05 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD387.48
  • EUR428.98
  • RUB6.05
Сот, архив фото

Қарағанды мейрамханасында адам өлтіргендерге сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois Badias
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
248 0 0

Жаңа жыл түнінде адам өлтіру ісі бойынша негізгі айыпталушы 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығы 13 адамға айып тағылды

ҚАРАҒАНДЫ, 4 қараша – Sputnik. Қарағандыда "Древний Рим" мейрамханасындағы жаппай төбелес кезінде адам өлтіру ісі бойынша процесс аяқталды. Дүйсенбі күні мамандандырылған тергеу сотының судьясы Шәріп Сисімбаев үкімді оқып берді. Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан репортаж ұсынады.

Соңғы отырысқа барлық айыпталушының туыстары келді. Залға соңғы болып жәбірленуші, қайтыс болған жігіттің әкесі Бақытжан Жансейіт кірді.

Ананың көз жасы

Залдағы тәртіпті "СОБР" қызметкерлері қамтамасыз етті.

Шәріп Сисімбаев материалдарды зерттей келе, төбелескендердің барлығының кінәсі дәлелденді деді. Сотталғандардың туыстары үкімді тыңдап отырған кезде шешім көбінің көңілінен шыққаны байқалып тұрды. ҚР ҚК 293-бабы, 3-тармағы, яғни "Қару қолдану немесе қолдану талпынысы арқылы жасалған бұзақылық" бойынша айыпталған төрт азамат шартты мерзімге сотталып, пробациялық бақылауға алынды. Тағы екеуі босатылды, себебі олар жәбірленушілермен татуласып, айыптарын жуып-шайды.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды

Рақымжан Жансейітті ұрып-соққан бес ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың бірі ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғанымен отырысқа келмеді, айыпталушының қорғаушысы оның Қарағандыдан кеткенін айтты. Ал Рақымжан Жансейітті өлтірді деп айыпталған Юсиф Нурулу ҚР ҚК 293-бабы бойынша төрт жылға, ал 99-бабы, яғни "Адам өлтіру" бойынша 15 жылға сотталды. Енді ол барлығы 19 жыл жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Үкімді естіген Нурулудың анасы тізерлеп отыра кетті. Оны залдан алып шықты. Әйел кетіп бара жатып жылады, ұлының кінәсіз екенін дәлелдейтінін айтты.

"Алла сендерді жазалайды! Оны басқа біреу өлтірді, мен бұны бүкіл әлемге жеткізем, менің ұлым қаныпезер емес, оны өлтірген басқа адам. Бұны бәрі біледі! Олар да біледі!", - деп айғайлады анасы.

Сотқа бәрі мәлім

Судья үкімді әрі қарай оқып, залдағылардың бәріне өз шешімінің негізгі тұстарын түсіндірді.

Оның айтуынша, сот бейнематериалдарды екі күннен астам уақыт бойы зерттеді. Нәтижесінде, үшінші төбелес кезінде мейрамхана қақпасының сыртына 32 адамның жүгіріп шыққаны анықталды. Олардың 13-і сот алдында жауап берді.

"Бейнематериалдарды көрген кез келген адам оқиғаның қалай өрбігенін түсінеді. Қорғаушылар "онда ештеңе көрінбейді" деген пікір айтты. Дегенмен барлық 32 адамның төбелестен кейін ғимаратқа оралғаны анықталды. Мейрамхана камераларынан да кімнің қайда қашқаны анық көрінеді", - деді Сисімбаев.

Бұған қоса, куәгерлер, жәбірленушілер мен күдіктілерден жауап алынды. Олардың бәрі өздерін видеодан таныды. Онда айыпталушылардың қылмыстан кейін болған жайтты қызу талқылап, пышақтарды жасырғаны да түсіп қалған.

"Бәрі 62 секундтың ішінде болған. Юсиф Нурулу кінәсін мойындаудан бас тартып отыр. Дегенмен пышақтың соның қолында болғаны дәлелденді. Қылмысқа дейін Нурулудың мінездемесі жақсы болған, бірақ қаза тапқан жігіттің әкесі үшін бұл орны толмас қайғы. Сондықтан осындай мерзім беру туралы шешім қабылданды", - деді судья.

Судья 14-ші айыпталушы Нарек Гурурян туралы да айтты. Оның мәліметінше, бейнетаспадан Гугурянның қолында пышақ болғанын көруге болады. Күдікті Ресейден экстрадициялануы тиіс және ол Жоғарғы сотқа оны Қазақстан билігіне бермеу туралы бірнеше рет өтініш жазған екен.

Қарағандыдағы адам өлімі

Еске салсақ, жаңа жыл түні "Древний Рим" мейрамханасы маңында болған жаппай төбелес адам өліміне әкелген. Келесі күні таңертең Бақытжан Жансейіт ұлының денесін ресторан қақпасының сыртынан тауып алған.

Жанжал демалыс орнына келгендер арасындағы ұрыс-керістен басталыпты. Меймандардың бірі концерттің аяқталғанына нарызы болған. Мас ер адамдардың ерегісі төбелеске ұласқан.

Тағы оқыңыз: Қарағандыдағы төбелес: қашқын Армения азаматына қатысты тың ақпарат шықты

Жәбірленушілер мейрамханадан кеткенімен, онда басқа адамдарды ертіп қайта келіпті. Кейін оларда тек таяқ болғаны, ал оларға пышақпен шабуыл жасалғаны анықталды. Төбелес кезінде Рақымжан Жансейіттің санына біреу пышақ сұғып, ол "Древнего Рим" қақпасының сыртында қансырап қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті
Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды
Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен күдікті – Армения азаматы
Қарағандыдағы қанды оқиға: қашып жүрген күдікті ұсталды
Қазнетте тараған төбелестің видеосына министрлік түсініктеме берді
Кілт сөздер:
сот, адам өлімі, мейрамхана
Загрузка...

Басты тақырып