04:56 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
148 0 0

Мемлекеттік айыптаушылар Бақауов өз қызметі мен байланыстары арқылы тергеуге қысым жасауы мүмкін дейді

ПАВЛОДАР, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу абақтысында қамауда болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Экс-әкім адвокаттарының арыз-шағымымен облыстық соттың аппеляциялық отырысы өтті. Ол жабық режимде өткізілді.

"Болат Бақауовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат беру туралы қаулы өзгеріссіз қалды, ал қорғаушылардың жеке арыз-шағымы қанағаттандырылған жоқ. Аппеляциялық қаулы жарияланған сәттен, яғни 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап заңдық күшіне енеді", - делінген сот ведомствосының баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушісінің пікірін қолдаған айыптаушы Бақауовты екі айға қамауға алуды сұрады. Прокурордың пікірінше, шенеунік атқарған қызметіне байланысты куәгерлер мен қылмыстық процестің басқа қатысушыларына қысым жасай алады. Осылайша, ол істің дұрыс тексерілуіне кедергі жасап, тергеу мен соттан жасырынуы да мүмкін.

Болат Бақауов пен оның екі адвокаты бұл шешіммен келіспеді. Олар қамауға алмауды сұрап, бұрынғы әкімнің төрт баласы барын және денсаулығының нашарлауын алға тартты. Туыстарының кепіл ретінде миллион теңге бергені де айтылды.

Дегенмен судья Балтабай Дүмбекбаев облыстың экс-әкімін екі айға қамауға алу туралы қаулы қабылдады.

Бақауовқа қылмыстық кодекстің 362-бабының 2-бөлімі 3-тармағы (пайда көру мақсатында билік немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Бапқа сәйкес, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

Бағасы қанша: Бизнесмен Павлодар облысы әкімінің портретін сатып алды
"Павлодар облысының әкімі ұсталды": әкімдік WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты
Павлодар облысының әкімі Бақауовтың қайда екені белгілі болды - видео
ҰҚК әкім Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
Кілт сөздер:
Болат Бақауов, әкім, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып