07:40 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7527 0 0

12 ақпан күні Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жетісай қаласы әкімінің орынбасарын құрықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№1 департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, кеше, 12 ақпан күні Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол жергілікті кәсіпкерден жер учаскесін бергені үшін 530 000 теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деген күдікке ілінді.

"Тергеу шаралары жалғасуда. Күдіктіге қатысты шешімді және айыптың деңгейін сот анықтайды", - деді Бигайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша ақпарат жариялау жоспарланып отырғанын хабарлады. Қазіргі кезде қосымша фактілер мен күдіктілер анықталып жатқаны айтылды. 

15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

 

Тақырып бойынша

Қазақстанда қамауға алынған генерал-майордың кім екені белгілі болды
Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сұраққа жауап берді
Павлодар облысының экс-әкімі Бақауовтың ісі туралы ақпарат жарияланады
Кілт сөздер:
қамауға алынды, әкім орынбасары, Жетісай
Загрузка...

Басты тақырып