04:48 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (872)
2195 0 0

Еуропадан келген адамдардан коронавирус инфекциясының белгілері анықталмағандықтан, оларға бақылау жүргізу тоқтатылған

АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Түркістан қаласының үш тұрғыны бір отбасының барлық мүшесі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан.

Түркістан тұрғыны өзінің отбасы жайлы WhatsApp-та жалған ақпарат тарағанын айтып, қаладағы полиция департаментіне арызданған. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Тексеру нәтижесінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхатта болғаны белгілі болды. Алматыға келген соң олар толығымен дәрігерлердің тексеруінен өткен. Карантинге жатқызуға еш негіз болмаған. Ал Түркістанда қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері байланыс орнатып, бақылауда ұстаған", – деп хабарлады полицейлер.

Отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясының белгілері мен басқа да ауру анықталмағандықтан, оларға бақылау жүргізу тоқтатылған.

Оқи отырыңыз: Терезеден секіріп кетті: қазақстандық карантиннен қашты

Полиция жалған ақпарат таратқан үш күдіктіні анықтап, оларды ұстады. Әйелдер өз әрекетін мойындап, өкінетінін білдірді. Күдіктілер бұл хабарды туыстары мен жақындарына ескерту үшін таратқанын түсіндіріп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і – астанада, 22 адам – Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (872)

Тақырып бойынша

Дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады – мемлекет басшысы
Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Түркістанда коронавирус жайлы ақпарат таратқан 3 адам он жылға сотталуы мүмкін
Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды
Кілт сөздер:
коронавирус, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып