Өңірлер

Түркістан облысында тұмау белгілерімен ауруханаға келгендер көбейді

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиТуркестан
Туркестан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханаға түскендерден шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына сынама алынады. Оның нәтижесі дайын болғанға дейін олар провизорлық стационарда ем қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым ­­– Sputnik. Соңғы күндері Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі мен жөтел және әлсіздік байқалады, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына сынама алынады. Ал нәтиже дайын болғанға дейін олар провизорлық стационарда ем қабылдайды.

"Теріс нәтиже шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Негізінен науқастардың басым көпшілігі пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже көрсетуде", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. 87 азамат жазылып шыққан.

Ал Түркістан қаласы бойынша бүгінге дейін 129 адам инфекция жұқтырып, оның 62-cі жазылып шықты. 32 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық індет ошақтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: "Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады

Жаңалықтар
0