15:37 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (483)
233 0 0

Аймақта тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдардың өкілдері мен олар пайдаланатын көліктерге ғана еркін жүруіне рұқсат етіледі

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Атырау облысында 27-29 маусым аралығында шектеу шаралары енгізіледі. Бұл жайында облыстың бас санитар дәрігері Жанар Досымбаева мәлімдеді.

"Атырау облысының аумағында қосымша уақытша шектеу шаралары 2020 жылдың 27 маусым күні сағат 00:00-ден бастап, 29 маусым күнгі 00:00-ге дейін енгізілсін", - делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, сенбі-жексенбі күндері көпшілік іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, ас беру), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, төменде көрсетілген азаматтардан басқа тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылады:

  • Тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және үйіне қайтуға рұқсат етіледі Ол үшін жұмыс орны берген анықтама немесе қызметтік куәлік болуы шарт.
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық заттар сатып алу үшін тұратын жеріне немесе жұмыс орнына жақын жердегі дүкендер мен дәріханаларға баруға;
  • Шұғыл көмек қажет болғанда, медицина ұйымдарына баруға;
  • Үй жануарларын үйге жақын маңда серуендетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса көшеге шығуға тыйым салынады.

Қандай кәсіпорындар жұмыс істемейді

Сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік сатпайтын базарлар, азық-түлікке қатысы жоқ сауда желілерінің қызметіне тыйым салынады. Үйдің төменгі қабатында орналасқан дүкен филиалдары сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылып, тек жеткізу қызметін ұсынатын нысандар ғана жұмыс істейді.

Фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары жабылады.

Сұлулық салоны, шаштараз, SPA-орталықтар мен салондар және басқа да қызмет көрсету нысандары жұмыс істемейді.

Сол сияқты қоғамдық монша, бассейн, сауна жабылып, туристік аймақтар (демалыс базалары) қызмет көрсетпейді.

Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарлар, жағалау мен жағажай, басқа да демалыс орындары жабық болады. Қоғамдық көлік қызметі де тоқтайды.

Ал жедел жәрдем мен апаттық қызмет және арнайы органдар, елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың көлігіне қозғалуға рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 20-21 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (483)

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды
Алматыда карантин режимі күшейтілді: Сағынтаев себебін түсіндірді
Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды
Қазақстандағы тағы бір өңірде карантин күшейтіледі
Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі
Кілт сөздер:
карантин, Атырау облысы
Загрузка...

Басты тақырып