14:19 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Дәрігер, архивтегі фото

Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
94 0 0

Премьер-министр тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын медициналық нысандар ашуды тапсырды

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев медициналық көмек сапасын әлі де болса көтеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде денсаулық сақтау желісі дамыған, оны жақсы білесіздер. Дегенмен де, халық әлі де болса,  сапалы медициналық көмек ала алмай келеді, әсіресе ауылдық жерлерде. Сондықтан бүгін министр ұсынған медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша шараларды қолдайық. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп ұсынылған шараларды тиімді іске асыруды тапсырамын", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Премьер-министр Астана әкімдігінің тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар ашу бастамасын қолдап, басқа өңірлерде де осы тәжірибені енгізуді тапсырды. 

"Жаңа Әсет Өрентайұлы (Астана әкімі – автор ескерт.) жақсы ақпарат берді: жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жұмыс жүргізу, емхана санын көбейту, дәрігерге жүктелген адамдардың санын төмендету… Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында шағын емханалар салынғаны жөн. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің орынбасары – автор ескерт.), үйлердің жобасын жасаған кезде, бірінші қабаттарда балабақшалар мен шағын медициналық нысандар ашуға мән беру керек. Кәсіпкер инвестиция тартуға ниетті. Осы бағытта жұмыс жүргізу қажет", — деді үкімет басшысы. 

Маңдайға жазғаны болады: Ғалымдар әжімге қарап адамның өлетін күнін анықтады  

Сондай-ақ Сағынтаев денсаулық сақтау министрлігі мен ақпарат министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдардың сапалы медициналық көмек алуын жеңілдететін жаңа технологиялар туралы халық арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

"Бұл жұмыс толыққанды жүрмей отыр. Осыған баса назар аударыңыздар", — деді ол.


Тақырып бойынша

"Нәтиже жоқ!". Сағынтаев Елбасының айтқанын орындамаған шенділерді сынады
"Әдетке айналып бара жатқан сияқты". Сағынтаев Астана әкіміне ескерту жасады
Сағынтаев "іскер" министрлердің әрекетін қалжыңға айналдырды
Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді
Кілт сөздер:
жекеменшік емхана, медицина, Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып