09:38 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
күз

Психолог қандай адамдардың және неге күз мезгілін ұнатпайтынын айтты

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
630 0 0

Психолог мамандар жазда арқасың кеңге салып үйренген жұрт күздегі күйбең тіршілікті бастағысы келмейтінін айтады

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik, Айгерім Таубай. Күз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Астрономиялық тұрғыдан күз 90 күнге, яғни 24 қыркүйектен 22 желтоқсанға дейін созылады. Ал күнтізбелік тұрғыдан 91 күнге жалғасады. 

Күз десе ойға қоңыр салқын мен үзілген жапырақ елестейді. Адамдардың ойы да сұрғылт тарта бастайды. "Неге көпшілік күзді ұнатпайды" деген сауалды психологтарға қойдық.

Мамандардың айтуынша, жазда арқасың кеңге салып демалып үйренген жұрт күздегі күйбең тіршілікті бастағысы келмейді.

"Қыркүйек – еңбек айы, мереке басы"

"Кей адам жазда да тынымсыз еңбек етеді. Екінші адам жаздағы теңіз бен құмның әсерінен арыла алмай жүреді. Баланы мектепке орналастыру, жұмысты ретке келтіру уайымға салып, күннің суытуы көңіл күйлерін түсіріп жатады. Дегенмен ашық жарқын адамдар үшін бұл мезгіл салқындығына қарамастан – еңбек айы, мереке басы", – дейді психолог Әлия Ишниязова.

Шығармашылық тұлғалардың жазғанына көз салсақ, күз бірде күрең, бірде көңілсіз. Ал психолог Балабек Сақтағанның айтуынша, күздің көпшіліктің ойында сұрғылт, қоңыр болып есте қалуы стереотип ретінде қалыптасып кеткен. Оған бірден–бір себеп – ақындардың өлеңі.

"Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан", – деп жазды Абай. 

Ал Қалқаман Сарин:

"Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,

Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп. 

Құлайды жапырақтар құба талдан, 

Күрең күз құдіретіне тағзым етіп, – дейді.

"Жыл мезгілінің жаманы жоқ"

Балабек Сақтағанның айтуынша, жыл мезгілінің жаманы жоқ. Сондай – ақ жылдың төрт мезгілін ұнатпайтындар да бар. Жаз келсе, ыстық дейді. Күз келсе, салқын, ал қыста тоңдық десе, көктемде жер балшық деп шағым айтады.

"Күз адамның жан дүниесіне үңілуге, өткеннен қалған естеліктерді көп ойлауға, қазіргі сәтпен өмір сүруге итермелеп отыратын мезгіл. Неге? Себебі әр адам өзінің өткен шақтағы жақсы қасиеттерін, естеліктерді, жан жарасын осы мезгілде ойға алып, көз алдына елестетіп отырады", – дейді маман Балжан Қанапияева. 

Күзді солтүстік пен орталық тұрғындары ұнатпайды. Неге?

"Күзді барлық адам ұнатпайды деп кесіп айта алмаймыз. Көп жағдайда Солтүстік пен Орталық Қазақстанның тұрғындары ұнатпайды. Жаздан кейін күннің суығанына үйренісе алмай жатады. Ал Қызылорда мен Шымкент халқында мұндай түсінік жоқ. Ол жақта барлығы өз уақытымен келіп, күз қоңыр салқынмен өтіп кетеді", – дейді психолог.

Тағы оқыңыз:

Барлық психологиялық ауру күзде қозады

Сонымен қатар адамдарда болатын барлық психологиялық ауру күзде қозады екен. Мұны да мамандар растап отыр. 

"Күз адамның психологиялық жетілуіне, алға жылжуына, әр күніне қанағат етуге себепші болады. Сонымен қатар барлық психологиялық ауру күзде қоза бастайды. Адамның бойында қуаныш гармоны көп болса қыс болсын, көктем болсын оған жыл мезгілінің ауысуы психологиялық соққы болмайды", – дейді Қанапияева.

Тағы оқыңыз: 

Тақырып бойынша

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды
Психолог күн бұлттанған кезде қалай тамақтану керектігін айтты
Қазақстандық психолог педофилдің портретін жасап берді
Психолог: қыздардың шетелдікке тұрмысқа шыққаны балаларына жақсы
Қазақстандық мамандар түсті қалай жору керек екенін айтты
Кілт сөздер:
қыркүйек, күз, психологтар
Загрузка...

Басты тақырып