07:22 18 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.42
  • EUR424.58
  • RUB6.00
500 теңге

Назарбаев кімдердің жалақысы 30-35 процентке өсетінін айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15698 0 0

Елбасы алдағы 3-4 жылда білім саласына ЖІӨ-нің 5% жұмсалатынын мәлімдеді

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде келесі жылы қабылданады деп жоспарланып отырған "Педагогтардың мәртебесі" заңына қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсаттарға тоқталды, деп хабарлайды тілшісі.

"Ұстаздар жаңа дағдыларды игеретін болса, жалақысы 30-35% өседі. Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін ол білімді азамат болуы тиіс. Әлемде білім ЖІӨ-нің 5%-ін құрайды. Ал біз бұған әлі жетпедік. Бұл мақсатқа алдағы 3-4 жылда жетеміз деп жоспарлап отырмын. Білімге кететін қаражатты көбейтуіміз қажет", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы медицина саласы да ЖІӨ-нің 10% процентін қамтуы тиіс екенін айтып өтті. Бұдан өзге соңғы жылдары халықтың денсаулық жағдайы жақсарып, орташа өмір сүру жасы 73-ке дейін ұзарғанына тоқталды. Сондай-ақ, Американың оқу орындарында білімінің деңгейі жоғары екеніне назар аударды. 

"Әлемде барлығы жақсы, керемет деп айта алмаймын. Бірақ қашан да жақсы тәжірибе жинауға тырысуымыз қажет. Финляндия бізге жақсы тәжірибе береді. Бір шетінен ол елде оқушылар барынша еркін болуы керек дейді. Сыныпта отырған 20 оқушының қалағанынша кіріп-шығып жүргенін қабылдай алмаймын. Ұстазбен де жанжалдасып, ауызына келгенін айтып жатады. Бұл нәрсеге бойым үйренбеді. Бірақ Америка оқушылары Ирактың қайда екенін білмесе де, жоғарғы оқу орнында білім сапасы күшті екені сөзсіз", — деді Елбасы.

Тағы оқыңыз:

Президенттің айтуынша, Американың жоғары оқу орындарына әлемнің ең мықтылары ғана шақырту алады.

Тақырып бойынша

Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
Назарбаев: Бүгін ғана аспаннан салбырап түскен жоқпыз
Назарбаев республикалық маңызы бар қалалар туралы заңға қол қойды
Назарбаев Трампты АҚШ-тың бірегей президенті деп атады
Назарбаев президент кеңсесі бастығының өкілеттігін ұзартты
"Бабла мало, нет мерседесов": президент өткізген жиында шенеуніктің жазғаны желіні шулатты
Президент: 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкенім есімде жоқ
Кілт сөздер:
мұғалімдер мәртебесі, білім, заңдар, медицина, мұғалім
Загрузка...

Басты тақырып