13:03 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Сәдібек Түгел

Алғашқы кандидат Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді?

© Photo: Facebook / пресс-клуб Тугел
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
864 0 0

Сәдібек Түгел 2019 жылғы президент сайлауына түсуге бірінші болып кандидатурасын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясына бірінші болып құжаттарын тапсырған, "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы атынан президенттікке үміткер Сәдібек Түгел Sputnik Қазақстан тілшісіне неге сайлауға түскісі келетінін айтты.

Қазақстандықтар Назабаев сайлауға түссін деп хат жазып жатыр

Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді?

"Қоғамды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде демократизациялауға белсенді атсалысқым келген соң, осындай шешім қабылдадым. Еліміздегі ахуалды жақсартсам деймін", - деп президенттікке үміткер Сәдібек Түгел ойымен бөлісті.

Кандидат сайлау алды науқанына әзірлеп отырған тұжырымдарымен де бөлісті. Жазушы Сәдібек Түгел саяси жүйені, экономиканы, мәдениет және білім саласын реформалауды ұсынады, сондай-ақ елдегі жемқорлықтың түбегейлі жоюды көздейді.

Тоқаев Елбасы Назарбаевтың жолын жалғастыратынын айтты

"Ешбір партияның құрамында жоқпын. Мен "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысының атынан тәуелсіз кандидатпын. Менің ұраным: "Әділдік, теңдік, бостандық", - деді ол.

Ұлы дала қырандары

"Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы 2011 жылы 12 қазанда құрылған. Қоғамдық ұйым мәдени және ұлттық құндылықтарды дамытумен айналысады.

Сәдібек Түгелдің өмірбаяны: еңбек жолы, шығармашылығы, қызықты деректер

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Назарбаев: мен Тоқаевқа толық сенемін
Бекболат Тілеухан "Nur Otan" кандидаты жайлы: кімді ұсынатыны түсінікті ғой
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
Назарбаев отставкаға кетуді бірнеше жылдан бері ойлап жүргенін ашық айтты
Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?!
Назарбаев Nur Otan партиясынан сайлауға түсетін кандидаттың есімін атады
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып