12:56 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Автобус

Елімізде қоғамдық көліктердің жылдамдығын азайту ұсынылды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
139 0 0

Қазір елдімекендерде автобустардың жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН,  31 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі елдімекен ішінде автобустардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін азайтуды ұсынды.

Ведомство Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге жол картасы жобасын әзірледі. Ескі автобустардың санын азайту көзделіп отыр. Елімізде мұндай 90 мыңнан астам көлік бар.

Тағы оқыңыз: Бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады

"Сондай-ақ, елдімекендерде автобустардың жылдамдығын сағатына 50, ал қала сыртында 80 шақырымға дейін азайту ұсынылып отыр", - деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов брифинг барысында.

Оның айтуынша, қазір автобустардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 60 шақырым, ал қала сыртында сағатына 90 километр.

Сондай-ақ, ІІМ автобус жүргізушілеріне қойылатын талапты күшейтетін болады. Көліктің қайта жабдықталуына да тыйым салынбақ. Бұл ұсыныс жұртшылықпен талқыланатын болады.

Тағы оқыңыз: Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Өткен жылы астанада Bus Lane жолақтарындағы жылдамдыққа шектеу қойылған болатын. Автобусқа арналған жолдың кейбір учаскелерінде жылдамдық шектеуі сағатына 40 километр.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Алматыдағы Әл-Фараби, Саин көшелері мен шығыс айналма жолда көлік жылдамдығы сағатына 80 шақырымнан 60-қа дейін азайтылды.

Тақырып бойынша

Италияда автобус аударылды: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар болуы мүмкін
Италиядағы апат: ауруханада жатқан екі қазақстандық елге жеткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Фотодерек: Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды
Астаналық жол ережесін бұзушыларға салынатын айыппұлдар қандай?
Кілт сөздер:
қоғамдық көлік, автобус
Загрузка...

Басты тақырып