06:23 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Сүт, иллюстративті фото

Сүт адам денсаулығына қауіп төндірмеу үшін не істеу керек?

CC0 / Devanath
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1919 0 0

Сүт ағзаға пайдалы болу үшін күніне 200 грамм ғана ішу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ақпараттандыру жөніндегі орталық ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Дарья Халтурина сүттің қауіпті тәуліктік мөлшерін атады.

Сарапшы сүт өнімдері, бірінші кезекте, тіршілік иелерінің баласына арналған тағам екенін еске салды, ол – ағзаны дамытуға арналған көптеген пайдалы заттың қайнар көзі. Сондықтан, маманның айтуынша, ағзаға пайдалы болу үшін күніне 200 грамм ғана сүт тұтыну керек.

"Сүт өнімдерін жиі және тұрақты тұтыну өлім-жітімді азайтады.  Пайдалы тәуліктік мөлшер орташа алғанда 200 грамм болып саналады. Ал 400 грамм тұтынғаннан кейін бұл әсер пайдалы болмай қалады", - деп атап өтті Халтурина.

Оның айтуынша, ферменттелген сүт өнімдері: йогурт, айран, сүзбе, ірімшік сүтке қарағанда пайдалырақ. Өйткені барлық адамда бірдей лактозаны жақсы сіңіруге көмектесетін гендер жоқ. Қарт адамдарға ағарғанды сүт түрінде мүлде қолдануға болмайды. Тек қайта өңделген күйінде тұтыну керек, деп жазды "Российская газета". 

Тағы оқыңыз: Ащы тағам пайдалы ма, зиян ба – дәрігерлер жауап берді

"Саркопенияның (скелеттік бұлшықеттердің жас ерекшелікке байланысты атрофиялық өзгерісі) алдын алуға сүт өнімдерінің құрамындағы ақуыздар, Д дәрумені, кальций, майлы қышқыл және т.б. заттар көмектеседі. Сүт өнімдерінен бас тартқан кезде ағза йодты,  Д дәруменін басқа көздер арқылы толықтыратынына көз жеткізу керек", - дейді сарапшы.   

Тақырып бойынша

Қатерлі ісік пен диабеттен құтқарады – ғалымдар ағзаға пайдалы өнімді атады
Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады
Кілт сөздер:
ғалымдар, сүт өнімдері
Загрузка...

Басты тақырып