00:13 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Ер адам жастықпен басын жауып отыр

Қазақстандықтарға кешкі сегізден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

CC0 / Wokandapix
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
573 0 0

Қазіргі заң бойынша, қазақстандықтарға 23.00-ден 06.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі кешкі 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тыныштықты бұзу туралы 437-бап қайта қаралды. Қазіргі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі уақытты 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін өзгерту ұсынылып отыр", - делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы жайлы баяндамасында.

Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері кешкі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салу көзделген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады.

Тағы оқыңыз: Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі

Егер әкiмшiлiк жазадан кейiн, заң бұзушылық бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенеді.

Кілт сөздер:
заң жобасы, тыныштық
Загрузка...

Басты тақырып