04:31 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
627 0 0

Бұрынғы банкирдің сыбайласы оффшорлық компания арқылы миллиардтаған қаржыны заңсыз шетелге шығарды деген күдікке ілініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотталып жатыр, деп хабарлайды EU Reporter басылымы.

Александр Удовенко осыған дейін Вашингтон қаласының маңында ұсталған болатын. 2009 жылы ресейлік кәсіпкер Лондоннан қашып кеткен. Кейін одан хабар-ошар болмаған.

Басылым таратқан ақпарат сәйкес, Удовенко Лондонда Әблязов мүддесін қорғап, оффшорлық компания арқылы "БТА Банкінен" миллиардтаған қаржыны жеке есепшоттарға аударуға көмектескен. Кейін ресейлік кәсіпкер АҚШ-қа қоныс аударған. Бұдан соң Мэриленд штатындағы Бетесда елдімекенінде "инвестициялық кеңесші" болып еңбек етіпті.

Басылым Александр Удовенконы "Мұхтар Әблязовтың басты серіктесі" болғанын хабарлайды. Соттың арыздарында ол "ұрланған ақшаларды аударуға мүмкіндік беретін жүздеген оффшорлық компанияның иесі және әкімшісі" ретінде көрсетілген.

Әблязов ісі

Айта кетейік, осыған дейін Мұхтар Әблязов АҚШ-та сотталуы мүмкін екені айтылған. Оған қатысты іс Нью-Йорк қаласында осыдан 4 жыл бұрын Алматы қаласының әкімдігі мен "БТА Банкінің" арызы негізінде қозғалған. Қашқын банкир мен оның сыбайластары АҚШ-та заңсыз жолмен табылған қаражатты жасырды деген күдікке ілігіп отыр.

Тағы оқыңыз: "Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді

Қазақстанда қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2018 жылдың наурызында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ДВК)* экстремистік ұйым болып танылды.

Ал 2018 жылдың 27 қарашасында Әблязов банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

*Қазақстанның демократиялық таңдауы (ДВК) – Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым.

Тақырып бойынша

Бас прокуратура Әблязов банкирді өлтіруді ұйымдастырды деп есептейді
Әблязовтің жеті бірдей сыбайласы ұсталды
Әблязов ісі: сотталушылардың бірі айыбын мойындады
Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды
Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, Мұхтар Әблязов
Загрузка...

Басты тақырып