12:31 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5688 0 0

Қазақстан азаматтары ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуі тиіс. Бұл тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кіргізілген автокөліктерді уақытша тіркеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет бір ай ішінде, біржолғы тәртіпте, 2020 жылдың 1 ақпанындағы  жағдай бойынша Қазақстан азаматтары ЕАЭО елдерінен әкелген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл автокөліктердің тіркеуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Шетелдік көліктерге қатысты дау: министрлік өкілдері Арменияға жол тартты

Ол мұндай автокөліктер техникалық регламент талаптарына сай болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, азаматтар тіркеу алымдары мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс.

Тоқаев бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырды.

"2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көлікті тұрақты тіркеуге қойып, кедендік баж бен утилизациялық алымды төлеуі тиіс. Немесе көлікті елден шығаруы керек, не болмаса, заңнамамен тыйым салынбаған әдіспен мәселесін шешуі керек", - деді президент.

Мемлекет басшысы келешекте ЕАЭО аясында қол қойылатын барлық келісім Қазақстанның ұлттық мүддесін ескеруі тиіс екенін қадап айтты.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа жылдан бастап армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Оған сәйкес, көлік иелері тіркеуден өтуі тиіс.

Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек.

Тақырып бойынша

Армения мен Қырғызстанның көліктерін кедендік рәсімдеу тәртібі түсіндірілді
ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты
Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі
Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Өткен аптада 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылған
Кілт сөздер:
уақытша тіркеу, автокөлік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып